Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы ата-ана жауапкершілігін арттыру қажет деп санайды

Форумда сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға демократияның не екенін еске салды., сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2024 12:33 Сурет: pixabay
Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың ІІ республикалық форумында Қазақстандағы балалардың қауіпсіздігі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің сөзінше, жалпы елімізде ата-аналардың жауапкершілігі идеясын ілгерілетуге бағытталған қоғамдық бастаманы қолға алу қажет.

"Өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз ету үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға нақты шара қабылдауды тапсырамын. Балалар мен жасөспірімдер арасында ел ішіндегі шынайы қаһармандарды насихаттауымыз қажет. " Қасым-Жомарт Тоқаев

Ол біздің балаларымыздың математика, физика және басқа да пәндер бойынша олимпиадаларда жоғары марапаттарға ие болатынын еске салды.

"Мысалы, жақында өткен Дүниежүзілік олимпиададағы шахматшы қыздарымыздың жарқын жеңісі үлгі етуге тұрарлық. Біздің оқушылар математикадан, физикадан және басқа да пәндерден өткен олимпиадаларда жоғары нәтижеге қол жеткізіп жүр. Осындай талантты балаларды қолдап, олардың ұстаздарын ынталандыру керек". Президент

Форумда сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға демократияның не екенін еске салды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: