Экономистер: АЭС – экономикалық өсімді қаматамасыз етуге қажетті ресурс

АЭС, атомная электростанция, производство электроэнергии, атомная промышленность , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2024 14:51 Фото: pixabay
Еліміздің экономикалық өсімін қамтамасыз ету үшін ең қажетті ресурс – энергия. Ал оның ішіндегі ең тиімдісі атом энергетикасы.

Бұл туралы Экономикалық зерттеулер институтында "Қазақстандағы атом энергетикасы: сараптамалық пікірлер мен стратегиялық шешімдер" тақырыбында өткен жиында айтылды.

Бас қосқандар АЭС-тің әлем экономикасына тигізіп жатқан пайдасы туралы сөз қозғады, деп жазады qazaqstan.tv.

Сонымен бірге атом энергиясын пайдаланудың ұзақ мерзімді перспективаларына қатысты негізгі аспектілерді талқылады.

"Бұл саланың басқа салаларға мультипликативті әсері 3-тен кем емес екен. Жаңағы мультипликативтік эффект деп жатқанымыз, яғни барлық салаға өзінің әсерін тигізіп, энергетика саласымен қоса салалар дамиды деген сөзі. Ғылым дамиды, жаңа жұмыс орындары пайда болады, халықтық табысы артады деген жанама әсерлері бар." Ерділда Таутенов, экономикалық зерттеулер институтының басқарма төрағасының орынбасары
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: