Түркі мемлекеттерінің ұйымы миссиясының басшысы: Біз толық мониторинг жүргізе алдық
Сурет: ortcom.kz
Атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдумға Түркі мемлекеттерінің ұйымы миссиясы (ТМҰ) қатысуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Миссия құрамында 11 байқаушы – Хатшылықтың, парламенттердің, ТМҰ мүшелерінің, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ТМҰ-ға мүше елдердің ғылыми топтарының өкілдері бар.
Миссия басшысы, ТМҰ Бас хатшысының орынбасары Сади Джафаров Халықаралық бақылаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясы барысында атап өткендей, референдум учаскелері ашылған сәттен бастап осы уақытқа дейін Миссия Астана қаласында кездейсоқ таңдалған 17 учаскеде бақылау жүргізді.
"Атап өткеніміздей, осы орындардың бәрінде референдумға қатысты барлық ақпарат, сондай-ақ материалдар ұсынылды. Біз толық мониторинг жүргізе алдық, осы уақытқа дейін сайлау комиссиясының қызметі бойынша әкімшілік немесе құқық қорғау органдары тарапынан заңсыз араласу жағдайлары байқалған жоқ. Біздің бақылау миссиямыз кешке дейін жалғасады, біз сайлау учаскелерінің бірінде дауыстарды санау кезеңіне қатысамыз", — деді спикер.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript