Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы мен Шымкентте қар жауады

Заморозки, холод, мороз, поздняя осень, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2024 17:00 Фото: Zakon.kz
2024 жылдың 16 қазанында Алматы мен Шымкентте қар жауады деп күтілуде. Бұл уақытта Астанада түнде бес градусқа дейін аяз болады деп болжануда, деп хабарлады Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі берген ақпаратқа сүйеніп.

Астана қаласының ауа райы болжамы

15 қазан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы.

16 қазан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 4-6 градус жылы.

17 қазан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы.

Алматы қаласының ауа райы болжамы

15 қазан: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Күндіз желдің екпіні 13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 8-10 градус жылы.

16 қазан: бұлтты, жаңбыр жауады, кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел 3-8, екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 7-9 градус жылы.

17 қазан: көшпелі бұлтты, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар). Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 7-9 градус жылы.

Шымкент қаласының ауа райы болжамы

15 қазан: көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), тұман. Солтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 11-13 градус жылы.

16 қазан: көшпелі бұлтты, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар). Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Түнде 1-3 градус аяз, күндіз 7-9 градус жылы.

17 қазан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Түнде 1-3 градус аяз, күндіз 11-13 градус жылы.

Бұған дейін метеорологтар Қазақстан бойынша үш күндік ауа райы туралы айтқан болатын. Болжам бойынша, солтүстік облыстарға суық антициклон ықпалын тигізеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: