Жігіт пен қыздың арасындағы жанжал сотпен аяқталды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, уголовный кодекс РК, судебный процесс, зачитывание приговора, приговор, правосудие, закон   , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2024 12:28 Фото: Zakon.kz
Ағымдағы жылы денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғуға байланысты құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы жылдың өткен кезеңінде аталған қылмыстарды жасағаны үшін 34 адам сотталды, оның ішінде: 20 — қоғамдық жұмысқа, 9- айыппұл салынды, 3-қамауға алынды, 2-бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға тартылды.

Мысалы, 27 жастағы жігіттің таныс қызын ұрып-соғуына қатысты ісі сотпен қаралды.

Құқық бұзушының жәбірленушіге қатысты балағат сөздер айтқаны үшін бұрын әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны анықталды.

Сотталушы Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы "Ұрып-соғу" бойынша кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алынды.

Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енді.

Астана қаласының прокуратурасы денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылық қатарына көшкені туралы еске салады.

"Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген." Астана қаласының прокуратурасы

Тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау 50 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: