Шымкентте бұрынғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Шымкентте Достық шағынауданындағы бұрынғы қоқыс полигонының аумағында Экопарк құрылысы басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен мұнда ауданы 45 гектар жасыл аймақ құрылады, оның 38,6 гектары көгалдандыруға бөлінеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таратылған ақпаратқа сүйенсек, құрылысқа табиғи материалдар пайдаланылады.
"Экопарк ойын алаңдарынан спорт нысандарына дейін 9 ашық демалыс аймағы ұсынылады. 10 шақырымдық серуендеу жолында 4000-нан астам жапырақты ағаштар отырғызылып, табиғи оазис атмосферасы құрылады. Қалдықтардың үстіне органикалық тыңайтқыштармен байытылған қалыңдығы 1,5 метр топырақ қабаты салынады".Шымкент қаласы әкімдігі
Сурет: Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі
Жоба инвестициясы 5 млрд теңгені құрады.
"Құрылыстың аяқталуы 2025 жылдың соңына жоспарланған, барлық жұмыстар тек бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүргізіледі. Осы жылдың көктемінен бастап полигонда ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілді: 250 000 текше метр топырақ төселді, тереңдігі 120 метр бес ұңғыма бұрғыланды, жоспарланған 3000-нан 500 метр қоршау орнатылды",- делінген ақпаратта.
Бұған дейін Семей қаласында полиция қызметкерлеріне арналған ерекше мурал салынғаны хабарланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript