Астанадағы мерекелік отшашуды тамашалауға 10 мыңнан астам адам жиналды

Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2024 21:57 Сурет: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Астанадағы Триатлон саябағында мерекелік отшашу өтті, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отшашуды тамашалауға 10 мыңнан астам адам жиналды. 4 минут ішінде аспанға биіктігі 30-дан 250 метрге дейін 2 500 отшашу ұшырылды. Ұзындығы 150 метрді құрады.

Сурет: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Отшашу жеке демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылды.

Айта кетейік, Астана тұрғындары мен қонақтары үшін айтулы мерекеге орай 100-ден астам түрлі форматтағы іс-шара (концерттер, қойылымдар, көрмелер, спорттық іс-шаралар және т.б.) өткізілді.

Сонымен қатар мереке аясында түрлі саладағы еңбек сіңірген қызметкерлер, еңбек ардагерлері, батылдық танытқан қазақстандықтар және тағы басқа тұлғалар марапатталды.

Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына 1 мыңнан астам азық-түлік себеті таратылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: