29 қазандағы саудада доллар айтарлықтай қымбаттады
Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 29 қазанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 3,39 теңгеге көтеріліп, 491,70 теңге болды.
Юаньнің орташа сараланған бағамы 68,66 теңгеге дейін өсті (+0,52).
Ақша айырбастау орындарында доллар 490,5-493,9 теңгеге, еуро 530-534,5 теңгеге, ресей рублі 4,99-5,09 теңгеге сатылуда.
Бұл ретте 29 қарашадағы аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.
Осылайша, қаңтар айындағы Brent фьючерстерінің құны ICE Futures электрондық саудасында 0,49%-ға өсіп, барреліне $71,35 құрады.
NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының желтоқсандағы фьючерстері 0,55%-ға өсіп, барреліне 67,75 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 487,81 теңге, еуроны 527,62 теңге, рубльді 5,02 теңге деп белгіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript