Қостанай су-құтқару станциясы жарты ғасырда алғаш рет күрделі жөндеуден өтті
Сурет: kstnews/Фарид Дандыбаев
1971 жылы салынған Қостанай су-құтқару станциясы күні бүгінге дейін күрделі жөндеуден өтпеген. Тек 2024 жылы қалалық бюджеттен 83 миллион теңге бөлініп, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. 19 қараша күні Қостанай әкімі Марат Жүндібаев Тобыл жағалауындағы осы маңызды нысанды аралап көрді.
kstnews.kz мәліметінше, қазір станцияда шамамен 15 адам жұмыс істейді. Олар жыл бойы ауысыммен қызмет атқарып, жылдың кез келген мезгілінде демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Сәуірдегі су тасқынынан станцияның өзі де, жағажай, триатлон паркі де зардап шеккен болатын. Бүгінде барлығы қалпына келтірілді. Жағажайдың аумағы бес есе ұлғайтылды.
Облыс әкімі атынан Марат Жүндібаев құтқарушыларға екі жаңа квадроциклдің кілтін табыс етті.
Ішкі инфрақұрылым да айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Ғимаратта дәретхана, душ бөлмесі, жаңа сумен жабдықтау, электр қазандығы пайда болды.
Бұған дейін Астанадағы көшенің біріне жаңа атау берілгені хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript


