Алдағы күндері Қазақстанда ауа температурасы 2 градусқа дейін көтеріледі
Фото: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш күндегі ауа райы туралы айтты. Олардың болжамы бойынша, Қазақстанда аптаның ортасында күн жылынады. 12-14 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде ауа райы солтүстік циклонның екпінімен анықталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сондай-ақ, метеорологтар батыста және оңтүстікте екпінді жел соғып, қарлы бұрқасын күтілетінін атап өтті. 14 желтоқсанда еліміздің оңтүстік-шығысында жауын-шашын болады: жаңбыр жауып, қар жаууы мүмкін.
Бір қызығы, түнде ауа температурасының төмендеуі тек республиканың батысында ғана күтілуде: ол жерде 0-8 градус аязға дейін суытады.
Қалған аумақта ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтілуде:
- солтүстік-батыста, солтүстікте – 3-10 аязға дейін,
- Қазақстанның орталығында – 5-13 аязға дейін,
- шығыста -10-20 аязға дейін,
- республиканың оңтүстік-шығысында – 0-10 аязға дейін,
- оңтүстік облыстарда – 8 градус аязға дейін – 2 градус жылы.
Бұған дейін синоптиктер Алматыда ауа температурасы минус 17°С төмендейтінін ескерткен болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript