Жамбыл облысында әскерилер суға жарымай, газсыз отыр

Газовая плита, газовая плитка, газ, газоснабжение, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.01.2025 17:37 Фото: pxhere
Жамбыл облысы Қордай ауданындағы әскерилер тұратын қалашықта әлі күнге газ жоқ. 12 мың тұрғыны бар Гвардейскіге кеңестік кезеңнен бері көгілдір отын кірмеген.

Бұл мәселе енді Парламент қабырғасында көтерілмек.

Аталған ауданға Сенат депутаты Бекболат Орынбеков барып, бірнеше мәселенің тиегін ағытты. Соның бірі газдандыру жүйесінің жоқтығы.

57 көпқабатты үйдің тұрғындары әлі күнге сұйытылған газ тасып әуре. Ал баспаналарда баллон жағып, ас пісіру өте қауіпті. Сондай-ақ жылыту мәселесі де жолға қойылмаған.

Қазандығы тозып, құбыры шіріп тұр. Оның үстіне мазут отынын газға ауыстыру шешімін таппай отыр. Қалашықта ауыз су мәселесі де ақсап тұр, деп жазады qazaqstan.tv.

Тұрғындарға тіршілік нәрі 4 шақырым жердегі Отар станциясынан келеді. Алайда тасымал құбыры тозғандықтан су жиі өшеді.

Былтыр республикадан су станциясын салу жобасы қолдау тапқанымен, қаржы бөлінбеген.

"Ауыз сумен қамтамасыз ету, қайта қалпына келтіру жұмыстары мен қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынған. Оған республика деңгейінде 400 млн теңге қаржы бөлінді. Облыс әкімдігі, Қордай ауданы әкімдігі өз тарапынан Бюджеттік Кодекске сәйкес жобалық-сметалық құжаттамасын бәрін әзірлеп берген. Бірақ сол жобалар шешімін таппады. Осы мәселені біз көтереміз." Бекболат Орынбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: