Халық шынайы ақшаны сувенирлік ақшамен шатастырады: ҚМА ескертпе жасады

Тенге, деньги, Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2025 09:35 Фото: Zakon.kz
ҚМА азаматтардың назарын валюталық операцияларды жүзеге асыру кезінде сақтық шараларын сақтаудың маңыздылығына аударады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желіде азаматтар шынайы ақшаны жалған немесе сувенирлік ақшамен шатастыратын бейнелер таралуда.

Бұл бейнероликтер адамдар тиісті назар аудармай, шынайы ақшаны жалған немесе сувенирлік ақшадан ажырата алмайтынын және заңсыз операцияларға қатысу сияқты жағымсыз салдарға әкеп соғатынын көрсетеді.

2024 жылдың басынан бастап Қазақстан аумағында айналымнан 2 мыңға жуық жалған банкнота алынып, қаржылық тұрақтылыққа елеулі қауіп төндірді.

Жалпы алынған жалған ақшалардың сомасы 80 миллион теңгеден асты.

Жалған банкнота жасаумен және сатумен айналысқан 8 адам сотталған. Олар 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылған.

Мұндай жағдайларды болдырмау үшін ақшалай операциялар кезінде банкноталарды тексеріңіз. Ақша қағазының сапасына, қорғаныш элементтеріне (мөртаңбасы, микроэлементтер, белгілі бір жарықта көрінетін белгілері) және текстура мен шрифтіне назар аударыңыз.

Жалған ақша жасаушылардың құрбаны болып қалмау және қылмыстық қудалауға түспеу үшін, бөтен адамдармен ақша алмастырып, валюта айырбастау бойынша қолайлы курс ұсынса да делдалдармен мәміле жасамағаныңыз дұрыс.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: