Атырауда тыйым салынған әдебиет анықталды: Прокуратура қайырымдылық мекемесіне айыппұл салды

Мечеть в Алматы, религия, мусульманство, мусульманская вера, ислам, мусульмане, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2025 16:09 Фото: Zakon.kz
Атырау қаласының прокуратурасы қайырымдылық ұйымдарының бірі арқылы діни араздықты насихаттайтын әдебиеттің таратылуын тоқтатты.

Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кәмелетке толмағандар арасында таратылған материалдар Қазақстан аумағында пайдалануға тыйым салынған.

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының шешімімен қайырымдылық мекемесі ҚР ӘҚБтК-тің 453-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 516 880 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Бұдан басқа, тиісті рұқсат құжаттарынсыз балаларды діни бағыттарда оқытып, пансионат ретінде қызметтерін атқарған.

Осыған байланысты, қала прокуратурасының талап арызы негізінде 4 мекеменің мемлекеттік тіркеуінің күші жойылды, сонымен қатар барлық пансионаттар таратылды.

Экстремистік құжаттардың таратылуының алдын алу және балалардың құқықтарын қорғау әрқашанда прокуратура органдарының басты назарында.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: