Алматы 125 мегаполистің ішінде ең лас қала атанды

Алматы, смог, загрязнение воздуха, выхлопы, загазованность, выхлопные газы, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2025 09:27 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматы әлемдегі экологиясы ластанған 125 ірі қалалардың бестігіне енген, деп хабарлайды Zakon.kz.

IQAir халықаралық компаниясы жүргізген кешегі зерттеу нәтижесі бойынша Алматы антирейтинг көшін бастаған.

Екінші — Каир, ал ауасы ең лас қалалар қатарында үшінші болып Дели шаһары тұр. Зертеушілер Алматы ауасының 200-ден астам индекс бойынша ластанғанын анықтаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Сарапшылар мұны денсаулыққа "өте қауіпті" деп бағалайды. Мамандар мұндай кезде терезелерді ашпауға, маска тағып жүруге, далада жаттығу жасамауға және ауаны тазалайтын құрылғы пайдалануға кеңес береді.

Айта кетейік, Алматы желтоқсан айының басында 12-орында болса, айдың аяғында 7-орынға тұрақтаған еді.

Экологтар ауаның ластануына бірінші кезекте автокөліктерден, жылу орталықтары мен кәсіпорындардан тарайтын зиянды қалдықтар себеп,-дейді.

"Алматы қаласында миллионнан аса ағаш отырғызылды дейді. Бірақ миллион ағаш көрінбейді." Әділ Нұрпейісов, эколог
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: