ШҚО-да полиция 14 жыл жасырынып жүрген алаяқты ұстады

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2025 11:03 Сурет: ҚР ІІМ
Өскемен қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі 2025 жылдың алғашқы айында бес қылмыскерді ұстаған, олардың екеуі бұрынғы жылдары жасаған қылмыстары үшін іздеуде болған.

Қылмыскерлердің бірі – алаяқтық жасағаны үшін іздеуде болған 32 жастағы әйел.

Ол құқық қорғау органдарынан 14 жыл бойы жасырынып, Алматы қаласынан табылды.

Қазіргі уақытта сол қаладағы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Құқық қорғау органдары заңнан жасырынған тұлғалардың орналасқан жерін анықтау бойынша белсенді жұмыс жасауды жалғастырып жатыр. Қылмыстың өтеуі — жаза.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: