Семейде 12 көшенің аты қазақшаланады

Автобус, общественный транспорт, городской транспорт, пассажиры, улица, машины, дорога , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2025 15:26 Фото: Zakon.kz
Семейде тарихи тұрғыдан әбден ескірген көше атаулары жаңаланбақ. Жергілікті ономастикалық комиссия қандай көшелер өзгеретінін қарастырып қойған.

Жақында қоғамдық тыңдау болып, ұсыныс республикалық комиссияға жолданады. Семейде әбден ескірген атаулар толып жатыр.

Мысалы Кренстьянская, Первомайская, Советская, Энгельс сынды көшелер әлі күнге дейін бар, деп жазады qazaqstan.tv.

Енді олардың орнына Құнанбай Өскенбайұлы, Кеңгірбай Жандосұлы, Әнуәрбек Байжанбаев, Жұмат Шанин, Рақымжан Қошқарбаев сынды тұлғалардың аты берілмек.

"Биыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай, осы Құнанбай Өскенбайұлына көше атын беру жоспарланып отыр. Сол мәселе қаралатын болады. Қалада 1 200-ге жуық көше бар. Соның едәуірі тарихи тұрғыдан ескірген көшелер. Олар кезең-кезеңімен өзгертіледі." Әсел Әбілқасымова, Семей қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: