Бейнетіркеуіш "Автоураганға" қарсы: Қостанайлық тұрғын жылдамдық үшін салынған айыппұлға наразы

Бейнетіркеуіш "Автоураганға" қарсы: Қостанайлық тұрғын жылдамдық үшін салынған айыппұлға наразы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2025 17:00 Сурет: Zakon.kz/Дина Тукпаева
Қостанай тұрғыны 2025 жылдың қаңтарында жылдамдықты асырғаны үшін салынған айыппұлмен келіспейді. Бұзушылықты "Автоураган" кешені тіркеді. Әйел өз тарапынан бұзушылық болмағанына сенімді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айыппұл туралы хабарламаны Қостанай тұрғыны 2025 жылғы 27 қаңтарда алды. "Автоураган" аппараттық-бағдарламалық кешенінің мәліметтері бойынша, ол қозғалыс жылдамдығынан асып түсті. Жүйенің мәліметтері бойынша, қала ішінде ол өте жылдам жүрген – 76 км/сағ. Алайда, қозғалыс уақыты мен жылдамдығын да жазатын көліктегі бейнетіркеуіш құрал мүлдем басқа деректерді көрсеткен. Көлік бейнебақылау құралы орналасқан аймақта 55-57 км/сағ жылдамдығымен жүрген.

Сурет: Zakon.kz/Дина Тукпаева

"Мен бұл айыппұлмен келіспеймін. Полицияға бардым, өтініш жаздым және бейнетіркеуіштегі скриншоттарды тіркедім. Маған жауапты екі аптаға ішінде күту керек деді. Нәтижесінде айыппұлдың күшін жоюдан бас тарту туралы хабарлама келді. Мен таң қалдым, себебі "Автоураган" тек фотофиксация жасайды, ал менің көлігімдегі бейнетіркеуіш қай уақытта қандай жылдамдықпен жүргенім жайлы бейнені келтіреді",- деп бөлісті автокөлік жүргізушісі.

Қостанай облысының полиция департаменті Zakon.kz тілшісінің сауалына бұл факт бойынша тексеру жүргізілгенін айтты. Сондай-ақ, қызмет көрсететін компаниядан Ксения Лаптеваның бұзушылығын тіркеген сәтте камераның дұрыс жұмыс істеп-істемегені жайлы ақпарат сұралды. Олар "жабдықтың жұмысында ақаулар болған жоқ" деп жауап берді. Осы себептен де айыппұлдың күшін жоюдан бас тартылды.

"Шынында да, жол қозғалысы ережелерін бұзуды автофиксациялау кезінде камералардың жұмысында ақаулықтар болады. Бұл көбінесе лас мемлекеттік нөмірлерге байланысты. Кейде автоматты жүйе аймақты немесе нөмірдің әріп бөлігін дұрыс оқымайды. Жүйе көлік түрін дұрыс анықтамаған жағдайлар да кездесті. Мұндай кездерде біз айыппұлдарды алып тастаймыз", – деді Қостанай облысы полиция департаментінің Әкімшілік практика бөлімінің бастығы, полиция майоры Қайрат Кеншімбаев.

Ксения Лаптеваның жағдайында "Автоураган" жүйесінің деректері оның бейнетіркеуішінің деректеріне қарсы болды. Бұл ретте, полиция азаматтардың жабдықтары қозғалыс жылдамдығын өлшеуге арналмағанын атап өтті. Сондықтан құқық қорғау органдары "Автоураган" сертификатталған кешенінің деректерін негізге алған.

2025 жылдың басынан бері Қостанай облысында полиция департаментінің мәліметінше, автофиксация кешендері жылдамдық режимінің 6 мыңға жуық бұзылуын анықтады. Автокөлік жүргізушілері айыппұлдарды жоюға 140 өтініш берген, олардың 50-і қанағаттандырылды.

Бұған дейін Астанада өтетін Жеңіс шеруіне 4,5 мың адам қатысатындығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: