Полиция алаяқтық қоңыраулардың алдын алды: 24 мыңнан астам sim-карта тәркіленді

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2025 09:00 Сурет: ҚР ІІМ
Sim-box жабдықтарының орналасу географиясы кеңейіп жатыр. Егер бұрын мұндай құрылғылар негізінен ірі қалаларда тәркіленсе, қазір қаскөйлер оларды тұрғындары аз аймақтарда да орналастыра бастады.

Тек бір күнде Балқаш, Тараз, Екібастұз және Петропавл қалаларында киберполиция бөліністері прокуратурамен және ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, sim-box жабдықтарының заңсыз жұмысын әшкерелеу бойынша іс-шаралар жүргізді.

Операция барысында төрт адам ұсталды, олардың екеуі көрші мемлекеттің азаматтары.

Тінту кезінде алты sim-box құрылғысы, 24,5 мыңнан астам sim-карта және перифериялық жабдық тәркіленді. Ұсталғандарға интернет-алаяқтарға көмектескені үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.

Sіm-box қылмыскерлерге әлемнің кез келген жерінде бола отырып, алаяқтық қоңыраулар жасауға мүмкіндік береді. Тек жабдықтың өзі сол мемлекетте орналасуы және жергілікті байланыс операторларының трафигін пайдалануы жеткілікті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: