Ақтөбенің іргесіндегі бүтін бір ауыл жарықтың зардабын тартып отыр

Ақтөбе облысындағы Бекқұл баба елді мекені тұрғындары күнара жарық сөніп, берекеміз қашты дейді. Әсіресе қыста қиын. Өйткені жылыту пеші электрэнергиясы болмаса, істемей қалады. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.
Тұрғындар жарықтың тым жиі өшкенінен тұрмыстық техникалар күйіп кетті деп наразылықтарын білдіруде. Бұл елді мекен аумағы жыл сайын кеңейіп келеді. Жаңадан үй салып, көшіп келушілер де көбейген. Бірақ көшедегі электр сымы тартылған бағаналар ескі. "КТК" ақпаратынша, оны жаңартпағалы біраз жыл болыпты.
"Жарық бес сағатқа дейін болмайды. Айта-айта шаршадық. Бағаналардың бәрі пытырлап жанады, жарылып тұр.Оны да жаздық, оны да айттық, енді біреудің үстіне құлап, әбден өлгеннен кейін ғана істейтін шығар".Гүлжауар Жұмырова
Жарыққа жауапты мекемедегілер қыс ортасында электр энергиясының жиі сөнетінін мойындайды. Оны желідегі ақаумен байланыстырып отыр. Соңғы бір аптада уақытша өзіміз ажыратып тастадық деп ақталады. Себебі ауылда тал-теректі кесу жұмыстары жүріп жатыр екен.
"Қаңтар айында «Қазақойл» ведомствосы электрмен жабдықтау желісінің ажыратуын тіркеген. Бұл өз кезегінде Бекқұл баба ауылының электр шаруашылығына кері әсерін тигізген. Қазір қалпына келтіріліп жатыр, сондай-ақ, Бекқұл баба ауылының орталық көшесінде тал бұтақтарын кесу жоспарлы түрде атқарылып жатыр",- деді Әдемі Сайлаубай, «Энергосистема» ЖШС маманы.
Бұған дейін Қызылорда облысында киік мүйізін тасымалдаған тұрғын ұсталғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript