Шымкентте зейнеткерден 46 млн теңге жымқырған алаяқтар қамауға алынды

Пожилые люди, пенсионеры, пенсия, пенсионный возраст , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2025 12:53 Фото: Zakon.kz
Қашықтықтан алаяқтық жасаған екі күдіктіні киберполицейлер "Аnti-fraud" іс-шарасы аясында жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары барысында ұстады.

69 жастағы қала тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп қалды. Жәбірленуші алдымен "ұялы байланыс операторларынан" SIM-картасының мерзімі аяқталғаны туралы қоңырау қабылдағанын айтты. Мерзімді ұзарту үшін ол SMS-кодты берген.

Біраз уақыттан кейін азаматшаға "құқық қорғау органдарынан" хабарласып, шотында күмәнді операциялар басталғанын және алдыңғы қоңырау шалғандар алаяқтар екенін жеткізген.

Зейнеткер қаскөйдің нұсқауымен шотындағы бар ақшаны шешіп алып, жинап тергенін сақтап қалу үшін "сенімді қолға" уақытша тапсырған: ішінде 46 млн теңге бар пакетті жалған құқық қорғаушылар ауладағы орындықтан алып кеткен.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. Шымкент ПД киберпол бастығының орынбасары Шыңғыс Жайлаубектің айтуынша, бұл қашықтан жасалатын алаяқтықтың кең таралған схемаларының бірі.

Есіңізде болсын, SIM-карталардың жарамдылық мерзімі жоқ және жаңартуды қажет етпейді. Алаяқтардан қорғану үшін ешкімге ешқашан кодтарды айтпаңыз, қоңырау шалушымен диалогты бірден үзіп, полицияға хабарласыңыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: