Абай облысыдағы жасөспірімдер арасындағы жанжал: жәбірленуші назарға алынды

Абай облысында жасөспірімдер арасындағы жанжал ерекше бақылауға алынды. Өңір полицейлерінің айтуынша, жәбірленушіге жан-жақты көмек көрсетілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Абай облысында орын алған соңғы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Жанжалға қатысқан барлық тараптар анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілді.
"Қазіргі уақытта жәбірленуші жасөспірімге ерекше назар аударылуда — ол арнайы орталықта мамандардың бақылауында. Психологтар мен бала құқықтары жөніндегі уәкіл оған қажетті қолдау көрсетіп, оқиғадан кейінгі эмоционалдық әсерлерді жеңуге көмектесуде. Білікті мамандар жасөспірімнің психологиялық жағдайын қалпына келтіру үшін жұмыс жүргізіп жатыр",- делінген ақпаратта.
Оқиғаға қатысы бар жасөспірімдерге қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады.
25 ақпанда кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтеді, онда әрбір қатысушының әрекеті жеке қаралып, қажетті шешімдер қабылданады.
Бұған дейін ШҚО-да колония аумағына тыйым салынған заттарды жеткізудің екі дерегі анықталғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript