Астанада үздік жүргізушілер марапатталды

Алғыс айту күніне орай Астанада ерекше оқиға өтті – жыл бойы жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаған жүргізушілер марапатталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2025 14:52 Сурет: akorda.kz
Алғыс айту күніне орай Астанада ерекше оқиға өтті – жыл бойы жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаған жүргізушілер марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараға қатысу үшін күн сайын қозғалыста болатын және былтыр жол қозғалысы ережелерін мүлдем бұзбаған автокөлік жүргізушілері таңдалды. Ынталандыру ретінде көлік иелеріне бір жылдық мерзімге сақтандыру полисіне сертификаттар табысталды.

Акция полиция, Sergek және Freedom Insurance компанияларының өзара іс-қимылы нәтижесінде ұйымдастырылды.

Ішкі істер министрімен жарияланған "профилактика жылы" аясында өткізіліп жатқан "Қауіпсіз жол" акциясының басты мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол жүрісіне қатысушылардың барлығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қағидаларды бұзуды болдырмау.

Сонымен қатар бүгінгі таңда өткізіліп жатқан акция барысында жыл көлемінде ешқандай құқық бұзушылыққа жол бермеген, жол апаттарына түспеген жүргізушілер марапатталады, – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Күн сайын Астана жолдарына 284 мыңнан астам автокөлік шығады, оның 77 мыңы соңғы жылы жол қозғалысы ережелерін бұзбаған. Олардың арасынан жүрісі көп, яғни көптеген қашықтықты еңсерген, марапатқа лайық он жүргізуші цифрлық жүйелердің көмегімен таңдап алынды.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай акциялар жүргізушілерді қауіпсіз қозғалысқа, қағидаларды бұзбауға, жол апаттарын болдырмауға ынталандырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: