Facebook-тегі жазбалары арқылы ақша бопсалаған тараздық блогер ұсталды

Доллары, деньги, коррупция, взятка, взятки, деньги в конверте, конверт с деньгами, коррумпированность, коррупционер, коррупционные схемы, взяточничество , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2025 16:53 Фото: Zakon.kz
Таразда блогерге қарсы іс қозғалды. Жамбыл облысы полиция департаментінің ақпаратынша, ол бопсалауға күдікті ретінде танылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство таратқан ақпарға сүйенсек, ұстауды Жамбыл облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен "жедел ақпаратты іске асыру шеңберінде" жүргізді.

"Тараз қаласының тұрғынынан 2,5 млн теңге көлемінде ақшалай қаражатты бопсалау арқылы алмақ болған екі ер адам қылмыс үстінде ұсталды. Олар кінәларын мойындады және одан әрі ынтымақтастыққа келісті". Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Әрі қарай, күдіктілердің бірі қолма-қол ақшаны үшінші тұлғаға – блогерге берді. Ол Facebook-те айыптаушы сипаттағы жазбаларды жариялап, сол арқылы бопсалаған.

Бопсалау фактісі бойынша адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Полиция қызметкерлері қажетті жедел-тергеу іс-шараларын жүргізуде. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", – деп атап өтті ПД.

Желідегі ақпарға сүйенсек, ұсталған блогер – Абай Жүндібаев.

Бұған дейін құтқарушылардың ақтүтек боранда қалып қойған отбасыға көмектескендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: