Астанада жүк көліктеріне рейд жүргізілді

Жыл басынан бері елордада 2386 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, түрлі құқық бұзушылықтар үшін 1050 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері тәркіленді.
Осы мақсатта полиция қызметкерлері көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп, жүк көліктерінің жүргізушілері арасындағы заң бұзушылықтарды анықтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша тексеру жүргізді.
Патрульдеу барысында полиция қызметкерлері жүргізуші куәлігінсіз жүк көлігін басқарған үш жүргізушіні ұстады. Тексеру кезінде олардың бұрын алкогольдік масаң күйде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.
Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, көлік құралдары коммуналдық тұраққа қойылды. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен әрқайсысына 50 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript