Ұлттық құрылтайдың IV отырысы: бірінші күнгі талқылаулар мен көтерілген мәселелер

Ұлттық құрылтай, IV отырыс, Бурабай, бірінші күн, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2025 20:30 Сурет: Instagram/ulttyq_quryltai
Бүгін, 2025 жылғы 13 наурызда Бурабайда Ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі күндік кездесуде құрылтай мүшелері елдің даму бағытын айқындайтын өзекті мәселелерді талқылайды.

Іс-шараның бірінші күнінде өткен секциялардың тақырыптары:

  • Азаматтық қоғам;
  • Мәдениет. Өнер. Руханият;
  • Білім және ғылым;
  • Әлеуметтік-экономикалық даму.

"Азаматтық қоғам" секциясына ҚР Президентінің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев төрағалық етті.  Оған қатысушылар заң үстемдігі, халықтың құқықтық сауаты, әскердегі әлімжеттік, экологиялық мәдениет және тіл мен дін мәселесін қозғап, азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайтуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

"Мәдениет. Өнер. Руханият" секциясының модераторы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева болды.

Аталған талқылау алаңында құрылтай мүшелері идеология ісіне қатысты пікірлерін ортаға салды. Атап айтсақ, отбасы құндылықтарын нығайту, қазақша контентті дамытып, тіліміздің қолдану аясын кеңейту, елдегі тарихи-мәдени нысандарды қорғау, өңірлердегі қаламгерлердің шығармашылығын насихаттау және баспа ісін жүйелеу туралы келелі ұсыныстар айтылды.

Ұлттық құрылтайдың "Білім және ғылым" атты үшінші секциясының модераторы — Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек. Оған қатысушылар білім беру саласындағы реформаларды жетілдіру, ЖОО-лардағы кадр тапшылығы мәселесін жою, өңірлік ғылым орталықтарын дамыту және Ғылым академиясының жұмысын жандандыру жайын талқылады. Одан бөлек, қазақ тілін заманауи ғылым тіліне айналдырып, терминдерді біріздендіру жөнінде де бірқатар ұсыныс айтылды.

Ұлттық құрылтайдың бүгінгі жиынын "Әлеуметтік-экономикалық даму"  секциясы қорытындылады. Аталған тақырып талқысының модераторы Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин болды.

Бұл талқылау алаңында құрылтай мүшелері қосымша құн салығына қатысты сұрақтарды талқылады. Сондай-ақ отандық өндірісті ұлғайту, еңбек қауіпсіздігін күшейту және шикізат өндірісін дамыту жолдары туралы ұсыныстарын ортаға салды.

Бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құрылтайдың 100-ден астам мүшесі түрлі талқылауларға қатысып, күннің бірінші жартысында әлеуметтік-экономикалық дамудан бастап өскелең ұрпақты тәрбиелеуге дейінгі көптеген мәселелерді қозғайтын 120 ұсыныс енгізді деп айтқанын жазғанбыз. Сондай-ақ Оқу-ағарту министрі Саясат Нұрбектің Қазақстан тарихының көптомдығына қатысты білдірген пікірін жариялаған едік

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: