Азат Перуашев әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтер үшін ҚҚС нөлдік мөлшерлемесі қажет екенін мәлімдеді

2025 жылғы 9 сәуірде палатаның жалпы отырысында Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтерге ҚҚС нөлдік мөлшерлемесін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ол қоғамның әлеуметтік әл-ауқатына әсер ететін тауарлар мен қызметтердің нөлдік жүктемесі болуы керек деп түсіндірді. Бұл азық-түлік тауарлары, киім-кешек пен аяқ киім, балалар тауарлары, дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтер, коммуналдық төлемдер мен әлеуметтік тұрғын үй құрылысы.
"Мәселен, медициналық қызметтердің ақысы азаматтардың еңбекақысы мен жалақысы есебінен қалыптасатын міндетті медициналық сақтандыру қорынан төленеді, одан табыс салығы ұсталып қойған. Ал бұл қаражатқа салықты қайта енгізу – қосарланған салық", – дейді Азат Перуашев.
Мәжілісмен жалпы ҚҚС тұтынушы төлейтінін, бүгінгі таңда қазақстандықтар табысының 50 пайыздан астамын тек азық-түлікке жұмсайтынын атап өтті.
"Осыған инфляцияны, тарифтердің көтерілуін және үкімет енгізгісі келетін 10% ҚҚС-ты қоссаңыз, халықтың басқа ештеңеге ақшасы қалмайды. Қаншама адамдар жалақыдан айлыққа дейін ақша таппай, қарызға белшесінен батып, оны өтей алмай жатыр", – деді Азат Перуашев.
Бұған дейін тағы бір депутат баспа басылымдары үшін ҚҚС мөлшерлемесін нөлге түсіруді ұсынған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript