Қостанайда оқушы жарылғыш зат туралы жалған хабарлама таратқан

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2025 09:23 Фото: Zakon.kz
Қостанайда 10 сәуір күні сауда үйінде бомба бар деп елді дүрліктірген мектеп оқушысы болып шықты. Сол күні оқиға орнына жедел жеткен арнайы қызмет өкілдері, ғимаратты толық тексеріп, ешқандай қауіптің жоқтығына көз жеткізген.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жасөспірімді көп ұзамай тапқан. Ол істеген ісін мойындап, бұған дейін де ақпан айында мектепте жарылғыш зат бар деп алдағанын растады.

Заң бойынша мұндай қылмыс түріне 5 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айппұл салынады немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, деп жазады qazaqstan.tv

"Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция терроризм актісі туралы жалған хабарламаға байланысты азаматтарды сақ болуға шақырады. Мұндай әрекеттер ауыр қылмыс болып саналады және заң жүзінде жауапкершілік қарастырылған. Бұл талаптар кәмелетке толмағандарға да толықтай қатысты." Сәбит Ибраемов, Қостанай облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: