Бюджеттік процесс саласындағы интегратор анықталды

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі 2025 жылғы 17 сәуірдегі "Бюджеттік процесс саласындағы интеграторды айқындау туралы" бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Электрондық қаржыландыру орталығы" акционерлік қоғамы бюджеттік процесс саласындағы интегратор болып белгіленсін", – делінген құжатта.
Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Қаржы бірінші вице-министрінің 2020 жылғы 24 ақпандағы "Бюджеттік процесс саласындағы интеграторды айқындау туралы" бұйрығының күші жойылды.
Бұған дейін мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебінің Бухгалтерлік есеп жоспары бекітілгенін хабарлаған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript