Астанада бірнеше көше жабылады

Площадь Независимости в Астане, памятник Казак ели, памятник Қазақ елі, дворец творчества Шабыт, Астана, город Астана, достопримечательности Астаны, столица Казахстана, пейзаж Астаны, туризм в Казахстане, туризм в Астану, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2025 16:33 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Астанада 1 мамыр күні "Бірлік жүгірісі 2025" республикалық жарысы өтеді. Іс-шараны өткізу кезінде көшелердің бір бөлігі жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдік ақпаратына сүйенсек, жарыстың басталуы EXPO маңында өтеді.

Іс-шараны өткізу кезінде Түркістан мен Ақмешіт көшелерінің учаскелеріндегі қозғалыс мына кесте бойынша жабылады:

  • 30 сәуір күні кешкі сағат 20:00-ден бастап Түркістан көшесінде EXPO жанында арка орнату үшін;
  • 1 мамыр күні сағат 6:45-тен 10:00-ге дейін Ақмешіт, Түркістан көшелері EXPO-дан "Бәйтерек" монументіне дейінгі аралықта.
"Бірлік жүгірісі 2025" республикалық жарысы Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығына арналған және "Бірлігімізге 30 жыл – Ассамблеяға 30 жыл" ұранымен өтеді. Жарыстың мақсаты – Қазақстанның барлық этносын дені сау және ұйымшылдыққа деген біртұтас ұмтылысқа біріктіру. Іс-шараға ересектер де, балалар да шақырылады",- делінген әкімдік ақпаратында.

Жүгіру қашықтығы:

  • 1 км – балалар мен инклюзивті жүгіру;
  • 5 км – скандинавиялық жүріс;
  • 5 км – жаппай қолдау жүгіру іс-шарасы;
  • 10 км және 21,1 км – сертификатталған трассалар (жас бойынша санаттар);
  • 30 км – командалық эстафета (6×5 км, командада кемінде бір әйел).

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Қатысушылардың жиналуы 1 мамыр күні таңғы сағат 05:30-да, ал 7-ден бастап жүгіру басталатындығы нақтыланда.

"Іс-шара соңында қонақтар жүлделер ұтысын күтеді. 1 мамыр күні жарысқа қатысушыларды қолдау үшін келіңіз". Астана қаласы әкімдігі

Бұған дейін Жезқазғанда Ұлттық Ұланның жаңа әскери бөлімі құрылатындығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: