Маңғыстау облысындағы IT-лицейдің оқушысы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

ҚР Білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жарысқа Қытай, Австралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, Сингапур, Таиланд сияқты елдердің 500-ге жуық оқушы қатысты.
Жалпы, Қазақстан құрамасы лингвистикалық олимпиада тарихындағы ең үздік нәтижені көрсетті — 5 медаль және 3 Құрмет грамотасын жеңіп алды.
Ал байқау қорытындысы бойынша Маңғыстау облысындағы IT-лицейдің оқушысы Рамазан Бутантаев жоғары нәтиже көрсетіп, олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атанды. Ол аймақтың ең мықты қатысушыларын басып озып, алтын медаль иеленді.
Айта кету керек, лингвистикадан ҚР құрама командасының жаттықтырушысы — лингвистика және география пәндерінен халықаралық және республикалық олимпиадалар жеңімпазы, Эберхард және Карл атындағы Тюбинген университетінің 2-курс студенті — Аида Давлетова.
Назарбаев Зияткерлік мектебінің жоғары сынып оқушылары Аружан Жұмабаева мен Мерей Тоқтарбек Каспий теңізін төгілген мұнайдан тазартуға көмектесетін жоба әзірледі.