Қанша қазақстандыққа протездік-ортопедиялық көмек көрсетілді

Инвалидность, рабочие места для инвалидов, люди с ограниченными возможностями, инвалиды, инвалидное кресло, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2025 16:02 Фото: freepik
2025 жылдың 10 маусымында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы Нұрдәулет Төлеев Сенатта Қазақстанда 82,8 мың адам немесе мұқтаждардың жалпы санының 86,9 пайызы протездік-ортопедиялық көмекпен қамтылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 2021 жылдан бастап мүгедектердің әлеуметтік қызметтер порталы арқылы техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін, оның ішінде протездік-ортопедиялық көмекті өндірушілер мен жеткізушілерді өз бетінше таңдауға құқығы бар екенін атап өтті.

"Бүгінде порталда 313 протездік-ортопедиялық бұйымдарды жеткізуші тіркелген.Қазақстанда протездік-ортопедиялық көмектің алты ірі жеткізушісі бар. Олар – Республикалық протездік-ортопедиялық орталығы, "Medicare International" ЖШС, "Шығыс Қазақстан облыстық протездік-ортопедиялық орталығы" ЖШС, "Көгершін" мүгедектер қоғамдық бірлестігі, "Ortoport" ЖШС және "Ортопрот" ЖШС", – деді Нұрдәулет Төлеев.

Жыл сайын мұқтаж азаматтарға 70 мыңнан астам өнім беріледі. 2024 жылы берілгендердің үлесі аталған қаражатқа мұқтаждардың жалпы санынан 87% құрады.

"Қаржыландыруды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады, ал 2020 жылдан бастап республикалық бюджеттен трансферттер бөлінді. 2024 жылы протездік-ортопедиялық көмек көрсетуге республикалық бюджеттен 172,5 миллион теңге, биылғы жылы 182,3 миллион теңге бөлінді". Нұрдәулет Төлеев.

Қазақстанда 737 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам тұрады, оның ішінде 95,3 мың адам протездік-ортопедиялық көмекке мұқтаж.

Бұған дейін Шымкентте мүгедек такси жүргізушісін ұрып-соққан қарақшылар түрмеге жіберілгені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: