Қазақстан төлқұжаттарында жаңа элемент пайда болады
Фото: Zakon.kz
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі ұлттық төлқұжаттың қорғалу деңгейін арттыру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл туралы 2025 жылғы 22 шілдедегі үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Әленов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өз сөзінде қазақстандық төлқұжаттың қандай болатынын көрсетті. Құжатта жаңа қауіпсіздік элементі – қар барысы болады.

Сурет: YouTube/pmkz
Министрдің міндетін атқарушы қазақстандықтар 43 елге визасыз бара алатынын айтты.
"Төлқұжат барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және барлық қажетті қауіпсіздік элементтеріне ие. Қазір біз қауіпсіздіктің қосымша деңгейлерін енгізу бойынша жұмыс істеп жатырмыз", – деді Бауыржан Әленов.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript