Ақтөбеде 700-ден астам мотокөлік пен мопед жүргізушісі тексерілді

Мопед, мопеды, мопедист, мопедисты, байк, байки , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2025 09:13 Фото: unsplash
Шілде айында Ақтөбе облысында мотокөлік және мопед жүргізушілеріне қатысты жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілуде.

Іс-шара барысында 700-ден астам мотокөлік пен мопед жүргізушісі тексеріліп, 200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Атап айтқанда, 132 жағдайда жүргізуші куәлігінің жоқтығы, 16 жағдайда қорғаныс шлемінің қолданылмауы және 102 мотокөліктің мемлекеттік тіркеусіз басқарылғаны белгілі болды.

Полиция қызметкерлері бұл рейдтер аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мотокөлік пен мопед иелеріне қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігін ескертті. Жол қозғалысы ережелеріне бейжай қарау – жазатайым оқиғаларға, тіпті адам өліміне алыпкелетін факторлардың бірі.

Осыған байланысты бақылау және профилактикалық шаралар жалғасын табады. Полиция барлық жол қозғалысы қатысушыларын – жаяу жүргіншілерді, автокөлік, мотокөлік жүргізушілерін қауіпсіздікке мұқият қарап, белгіленгентәртіпке бағынуға шақырады.

Жолдағы тәртіп – әрбір азаматтың жауапкершілігін көрсетеді. Қарапайым ережелерді сақтау арқылы қайғылы оқиғалардың алдын алуға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: