Атырауда есірткі саудалаған тұрғын 6 жылға сотталды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, судебный процесс, зачитывание приговора, судебная система, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2025 16:47 Фото: Zakon.kz
Атырауда есірткі саудалаған 22 жастағы аудан тұрғыны 6 жылға сотталды.

Атырау облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері наурыз айында Атырау қаласына келіп, есірткі заттарын жасырын тығу арқылы саудаламақ болған 22 жастағы Жылыой ауданының тұрғынын анықтап, ұстаған болатын.

Тексеру жұмыстары кезінде күдіктіден құны 130 мың теңге болатын 3,97 грамм кептірілген марихуана өсімдігі тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, 22 жастағы күдіктінің қылмыстық жасаудағы кінәсі толық дәлелденді.

Күдікті қаржылық қиындықтарға тап болып, несиелік қарыздарын өтеу мақсатында табыс табудың оңай жолын іздегенін, алайда тұрақты жұмыс таба алмай, кейін Telegram әлеуметтік желісі арқылы есірткі затын жасырын әдіспен таратумен айналыса бастағанын айтқан.

Қазіргі таңда қылмыстық құқық бұзушылық жасаған аудан тұрғынына қатысты Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен 6 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: