Алматыда екі күн түнгі уақытта Омаров көшесінің бірқатар бөлігі жабылады

Укладка асфальта, асфальтирование дорог, ремонт дорог, ремонт дороги, рабочие, асфальтоукладчики, машины для укладки асфальта, техника для дорожных работ, дорожно-ремонтные работы, дорожные работы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2025 16:50 Фото: Zakon.kz
Алматыда "Көктөбе" аялдамасы маңындағы Омаров көшесінің учаскелерінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Бұл шаралар айналым алаңының құрылысы аясында газ құбырын қайта жүргізу жұмыстарына байланысты жүзеге асырылады.

  • 27 қыркүйек күні сағат 21:00-ден 28 қыркүйек сағат 07:00-ге дейін қозғалыс Омаров көшесі, 7 мекенжайындағы мешіттен жоғары бөлікте жабылады.
  • 28 қыркүйек күні сағат 21:00-ден 29 қыркүйек сағат 07:00-ге дейін қозғалыс Омаров көшесі, 77 мекенжайының бойында тоқтатылады.

Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген тақтайшалар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, көлік қозғалысын шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ, 2GIS пен "Яндекс карталар" сервистерінде жарияланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: