Қазахстандықтарды қазанда қандай ауа райы күтіп тұр

Осень, осенняя погода, желтые листья, листопад, осенний сезон, осенний парк, парк осенью, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2025 09:36 Фото: пресс-служба акимата Алматы
Қыркүйектің соңында байқалған солтүстік-батыс антициклоны әкелген суық қазан айының басында да сақталады. Қазақстанның басым бөлігінде түнде -1…-6°С аяз, күндіз +2…+9°С жылы болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, бірінші онкүндіктің ортасына қарай Орта Азия мен Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан жылы ауа массалары келіп, температура көтеріледі:

  • батыста түнде +7…+12°С, күндіз +17…+25°С;
  • солтүстік пен шығыста түнде +2…+8°С, күндіз +10…+18°С;
  • орталықта түнде +2…+7°С, күндіз +15…+23°С;
  • оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде +5…+12°С, күндіз +20…+28°С.

Онкүндіктің соңында елдің солтүстік-батысында температура аздап төмендейді. Ал оңтүстікте және шығыста суық толқыны екінші онкүндіктің басында күтіледі.

Екінші онкүндікте елдің басым бөлігінде қайтадан жылынып, күндіз +13…+18°С, оңтүстікте +22…+27°С болады.

Үшінші онкүндікте ауа райы қайта суытып, кей күндері түнде -1…-6°С, ал солтүстік, орталық және шығыста -7…-12°С дейін төмендейді, күндіз 0…+8°С шамасында. Оңтүстікте түнде -1…-6°С-тан +3…+8°С-қа дейін, күндіз +5…+13°С-тан +13…+20°С аралығында құбылады.

Осылайша, қазан айы салқын күндермен басталып, бірінші және екінші онкүндіктің ортасында жылынып, ай соңында қайтадан қыс ызғарын сездіреді.

Ай бойы тұрақсыз ауа райы күтіледі: тұман, көктайғақ, екпінді жел, ал айдың екінші жартысында елдің солтүстік бөлігінде жаяу бұрқасын болуы мүмкін.

Бұған дейін хабарланғандай, 1 қазанда Қазақстанның төрт өңірінде -3°С дейін үсік күтіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: