Қазақстанда мерекелік күндері қар мен аяз күтіледі

Заморозки, первый снег, осень в горах, похолодание, туман, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2025 14:54 Фото: Zakon.kz
Қазақстандықтар ұзаққа созылған жылы күндерден кейін ауа райының өзгеруін сезінеді.

РГП "Қазгидромет" синоптиктерінің хабарлауынша, 2025 жылғы 25–27 қазан күндері республиканың көптеген аймақтарында атмосфералық фронттар әсер ететін болады.

Алдағы демалыс күндері елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, түнде жаңбыр қарға ауысуы мүмкін. Сондай-ақ, жел күшейіп, түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі деп күтілуде. Айта кету керек, айтарлықтай суыту болжанбайды.

Солтүстік өңірлерде қысқа мерзімді салқындау байқалады: түнде ауа температурасы -3°С-тен -8°С-қа дейін, ал күндіз +3°С-тен +8°С-қа дейін жетеді.

Еске салсақ, 24 қазанда Қазгидромет 13 қала тұрғындарына ашық ауада болу уақытын қысқартуды ұсынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: