Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар: синоптиктер бірден алты қала тұрғындарына ескерту жасады
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін Қазақстанның алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК сайтынан белгілі болды.
"2025 жылғы 28 қазанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қостанай, Қарағанды, Теміртау, Семей, Астана, түнде Атырау қалаларында күтіледі", – деп ескертті синоптиктер.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Мұндай кезде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автомобиль жолдарының немесе басқа ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Өкпенің созылмалы ауруларынан, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулардан зардап шегетін адамдар ашық ауада болған кезде өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек.
Бұған дейін сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript