Астанада кейбір оқушылардың ата-аналарына шұғыл хабарлама таратылды

Снег, снегопад, зима, холод, мороз, заморозки, метель, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2026 13:27 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 12 қаңтарда Астанада бастауыш сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Себеп – астананы жайлаған қолайсыз ауа райы.

"2026 жылғы 12 қаңтардағы ауа райының нашарлауына байланысты 0-4 сыныптардың екінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшеді", – делінген Астана Білім басқармасының дүйсенбі күні таратылған хабарламасында.

Бұған дейін синоптиктер Астанаға -27°С дейін қатты аяз келе жатқанын ескерткен болатын. 12 қаңтар түнінде астананы қарлы боран басты, сол себепті әкімдік тұрғындарға сақ болуды және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: