Қостанайлық полицейлер дәрігерлердің төбелесін тергеуде

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2026 10:43 Фото: polisia.kz
Қостанайлық полицейлер аудандық аурухана дәрігерлерінің арасында туындаған қақтығысты тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Astana TV" телеарнасының мәліметінше, оқиға өткен жылдың желтоқсан айында болған. Дәрігерлер арасында ауызша жанжал шығып, арты жұдырық жұмсауға дейін барған. Ақ халаттының бірі әріптесінің басынан, бетінен және мойнынан соққы берген.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға бойынша ауруханада тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

"Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша болған оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Олардың нәтижелері бойынша заңнаманың талаптарына сәйкес процестік шешім қабылданады", – деді Қостанай облысы ПД ақпараттық саясат бөлімінің бас маманы Бауыржан Қасымқан.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрым ауылдағы жас дәрігерлерге уәде етілген төлемдер төленбей отырғанын мәлімдеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: