Ипотека, инвестиция және Instagram: алаяқ 95 млн теңгені талан-тараж етті
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Астанада әлеуметтік желі арқылы 25 адамды алдаған алаяққа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 28 қаңтарда елордалық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сот 30 жастағы ер адамға 2021 жылдан 2025 жылға дейін Instagram арқылы ипотекалық брокер ретінде өзін таныстырып, сенгіш азаматтардан ақша өндіргені үшін үкім шығарды. Сот оның кінәсін мойындауын, кәмелетке толмаған баласының барын және зиянның бір бөлігін өтеуін ескере отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Тергеу мәліметтері бойынша, алаяқ азаматтарға "7-20-25" бағдарламасы аясында пәтер алуына көмектесемін деп уәде берген және табысты деп сипатталған жиһаз жобасына инвестиция салуды ұсынған.
"Адамдарды алдап, оларды үлкен сомаларды аударуға сендірген. Алайда қаражат алынғаннан кейін міндеттемелерін орындамай, ақшаны өзіне иемденген. Жалпы 25 адам зардап шекті, келтірілген шығын 95 млн теңгеден асты", – деді Астананың прокуратурасы.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 43 мың теңге үшін сотталған астаналық жайлы хабарланған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript