Руслан Желдібай қызметтен кетуіне қатысты мәлімдеме жасады

Руслан Желдібай қызметінен кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2026 12:48 Сурет: facebook/Ruslan Zheldibay
Қазақстан Республикасының бұрынғы президент көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай 2026 жылғы 29 қаңтарда өзінің Facebook парақшасында жазба жариялап, қолдау көрсеткендерге алғысын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желдібай бүгін ресми түрде президент көмекшісі – баспасөз хатшысы қызметінен кеткенін еске салды.

"Бүгін осыған дейін атқарып келген Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы қызметін ресми түрде аяқтадым. Осы кезеңде Мемлекет басшысы жүктеген барлық міндеттерді тиісті деңгейде орындауға барынша күш салдым. Қабылданған шешімдер мен атқарылған жұмыстар алдағы уақытта өз нәтижесін береді деген сенімдемін", – деп жазды Руслан Желдібай.

Сонымен қатар, Руслан Желдібай мемлекеттік қызметті жауапкершілік ретінде қабылдайтынын тілге тиек етті.

"Болашақта да кәсіби тәжірибемді ел мүддесіне, отанымызды дамытуға пайдаланамын. Баршаңыздың жылы лебіздеріңізге, алғыстарыңызға рақмет!, – деп жазды Руслан Желдібай.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: