Мемлекет басшысы: Өскелең ұрпақтың тәртіпті, көзі ашық болуы маңызды

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2026 13:08 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөйлеген сөзінде еліміздің көркеюі мен тұрақтылығы баршамыздың ортақ міндеті екенін атап өтті.
"Әлемдегі ахуалды көріп-біліп отырсыздар. Түрлі қақтығыстар мен шиеленістер ушығып, болашақты болжау қиынға соғуда. Соған қарамастан еліміз өсіп-өркендеп келеді. Біз табанды еңбектің арқасында барлық мақсат-мұратымызға жетеміз. Кез келген сын-қатерге төтеп береміз", – деді Президент.

Мемлекет басшысы өскелең ұрпақтың көзі ашық, көкірегі ояу, ұқыпты, тәртіпті, жинақы болып, жақсы мен жаманды айыра білуінің маңызды екенін атап өтті.

"Тағы да атап өткім келеді: мен халқымыздың, әсіресе жас буынның күш-жігеріне, жасампаз рухына сенемін", – деді Тоқаев.

Президент Қазақстанның мықты, қуатты және озық болуы тек халыққа байланысты екенін жеткізіп, елдің көркеюі мен қауіпсіздігі үшін әр азаматтың жауапкершілігін атап өтті.

"Қазақстан – біздің жалғыз Отанымыз, бәріміздің қастерлі мекеніміз. Елімізді ешкім сырттан келіп көркейтіп бермейді. Сүйікті Отанымызды көркейту, яғни Заң мен тәртіп үстемдік құрған, Әділетті, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанды құру – баршамызға ортақ міндет. Осы міндетті орындау үшін бәріміз бір қоғам болып еңбек етейік, достар!" – деді Президент.

Мемлекет басшысы сөзінің соңында барша форум қатысушыларын, әсіресе еріктілерді, еліміздің дамуы мен гүлденуіне белсенді атсалысуға шақырып, олардың күш-жігерін жоғары бағалады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: