Қыруар қаржы, Lamborghini мен үйқамақ: ҚМА блогер Жанәбіловтардың ісі бойынша мәлімдеме жасады

Қыруар қаржы, Lamborghini мен үйқамақ: ҚМА блогер Жанәбіловтардың ісі бойынша мәлімдеме жасады , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2026 10:08 Сурет: Instagram/zhanabylov_e
ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу және қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын заңдастыру фактілері бойынша блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегеноваға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпаратты бүгін, 2026 жылғы 5 ақпанда ҚМА баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Тергеу амалдарына сай, Instagram әлеуметтік желісінде (15 миллионнан астам жазылушысы бар) көп миллиондық аудиторияға ие ерлі-зайыптылар өз жазылушыларының сенімін заңсыз табыс табу мақсатында пайдаланған. 2025 жылы олар онлайн-курстарды сату деген желеумен заңсыз схема ұйымдастырған. Аталған "курстарды" сатып алудың негізгі себебі – қымбат сыйлықтар ұтысына қатысу болған. Таратылған бейнематериалдар басым бөлігі басым бөлігі ашық дереккөздерден, соның ішінде YouTube платформасынан алынған. Бұл курстардың нақты білім беру құндылығы болмаған және олар заңсыз лотерея қызметін формалды түрде жасыру үшін ғана пайдаланылған. Жүлде қоры жария түрде мәлімделгендей жеке қаражаты есебінен емес, онлайн-курстарға ақы төлеу түрінде қатысушылардан түскен ақша қаражаты есебінен қалыптастырылған",- делінген ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, электронды "сәттілік барабанының" параметрлерін өзгерту фактілері анықталды, соның нәтижесінде 5 000 теңгелік жүлдені ұтып алу ықтималдығы жасанды түрде арттырылып, ал құнды жүлделерді ұтып алу мүмкіндігі едәуір төмендетілген.

"Күдіктілер жария түрде ең көп репост жасаған қатысушыға 11-нші автокөлікті табысталғаны туралы мәлімдеп, акцияның қамту аясын кеңейту мен назар аудару мақсатын көздеген. Алайда іс жүзінде жеңімпаз анықталмаған және сыйлық табысталмаған".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Нәтижесінде азаматтардан "Zhana Business" ЖШС-нің бақылауындағы шоттарға түскен қаражаттың жалпы сомасы 247,5 млн теңгені құраған, оның 60 млн теңгесі депозиттік шоттарға орналастырылған.

"Сот санкциясымен 17 iPhone ұялы телефонына және Lamborghini Urus пен Lexus LX 600 автокөліктерін қоса алғанда, 10 автокөлікке тыйым салынды. Күдіктілерге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта күдіктілер қылмыстық іс материалдарымен танысуға кірісті.",- деп мәлімдеді ведомство.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

2025 жылғы 24 тамызда Ойын бизнесі және лотереяны реттеу комитеті әлеуметтік желіде бағалы сыйлықтар ұтысын өткізген жоғарыда аталған блогерлерге қатысты лотерея қызметі туралы заңнама талаптарына сәйкестігін тексеруге кіріскені белгілі болды.

5 қыркүйекте Астана қалалық әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында блогер Ерболат Жанәбіловқа қатысты заңсыз лотерея өткізу фактісі бойынша іс қаралды. Бұл күні судья сот отырысын 15 қыркүйекке сағат 15.00-ге кейінге қалдырды. 15 қыркүйекте Астана қалалық әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында блогер Ерболат Жанәбіловтың әйелі Эльмира Төлегеноваға қатысты заңсыз лотерея өткізу фактісі бойынша іс қарала бастады. Істі қарау кезінде миллионер блогер өз ұстанымын жария етті. Айыптау тарапы да өз позициясын танытты. Олар блогерлер Төлегенова мен Жанәбіловтың отбасылық дәрістері заңсыз лотерея ойынын бүркемелеген шымдылдық іспетті деп санайды. 2025 жылғы 15 қыркүйекте блогерлер Жанәбілов пен Төлегенованың материалдары қылмыстық іс қозғау үшін ҚМА-ға жолданды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: