Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарына шамамен 240 млрд теңге бағытталмақ

Шахта, шахты, шахтеры, горнодобывающая промышленность, добыча полезных ископаемых, горная порода, рудник, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2026 13:37 Фото: pxfuel
ҚР Геология комитетінің төрағасының міндетін атқарушы Қанат Ерубаев 2026 жылғы 13 ақпанда ОКҚ өткен брифингте Қазақстандағы жер қыртысын геологиялық зерттеу мен салалық инфрақұрылымды қолдау бойынша қаржыландыру шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спикердің сөзінше, алдағы үш жылда мемлекеттік геологиялық зерттеуге шамамен 240 млрд теңге бөлінуі жоспарланған.

"Сонымен қатар заңнамада аукциондардан түскен бонустардың 50%-ы мемлекеттік геология мен геологиялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталатыны бекітілген. Бұл өте маңызды. Саланың өзін-өзі қаржыландыру және тұрақты даму механизмі қалыптасады. 2027 жылғы наурыз–сәуірде біз мемлекеттік геологиялық зерттеулер қорытындысы бойынша алғашқы перспективалы учаскелерді анықтап, оларды аукционға шығаруымыз мүмкін деп жоспарлап отырмыз. Бұл инвестиция тартуға, бонустар түсуін қамтамасыз етуге және экономиканың мультипликативтік әсерін күшейтуге мүмкіндік береді", – деді Қанат Ерубаев.

Оның айтуынша, енді деректерді жинау кезеңінен олардың терең аналитикасы мен инвестициялық жүзеге асырылуына көшу басталады.

Журналистердің "Қазақстандағы сирек жер металдарын өндіруге қандай елдердің инвесторлары қызығушылық танытып отыр?" деген сұрағына жауап ретінде, Қанат Ерубаев Жапония, АҚШ, Германия және басқа да шетелдік мемлекеттердің қызығушылық танытып отырғанын айтты.

Айта кетейік, 2025 жылғы 18 желтоқсанда Сенат депутаттары "Жер қыртысы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодекске өзгерістерді мақұлдаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: