Архитектуралық-қалалық кеңес қалай жұмыс істейді: ереже бекітілді

Государственная служба, госслужба, госслужащий, госслужащие, государственный аппарат, госаппарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2026 11:37 Фото: senate.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 2026 жылғы 12 ақпандағы бұйрығымен Архитектуралық-қалалық кеңестің Типтік ережесін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Архитектуралық-қалалық кеңес – облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдіктерінде құрылатын, біртұтас қалалық саясатты жүзеге асыруды үйлестіру, өмір сүру ортасының сапасын арттыру, тұрақты дамуды қамтамасыз ету және елді мекендердің заманауи архитектуралық бейнесін қалыптастыру мақсатында тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңестік орган.

Кеңес:

  • монументалды-көркемдеу, архитектуралық бейне, қалалық жоспарлау және дизайн-код мәселелері бойынша қарастырып, ұсыныстар береді;
  • елді мекендерді дамыту және құрылыс жобаларын әзірлеу бойынша техникалық тапсырмаларды қарастырады;
  • елді мекендердің жалпы жоспарын іске асыру мониторингі бойынша есепті қарастырады;
  • ұсынылған жобалардың қолданыстағы заңнамаға, қалалық нормалар мен стандарттарға, сондай-ақ елді мекендерді дамыту және құрылыс стратегиясына сәйкестігін қамтамасыз етеді;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды орындайды.

Архитектуралық-қалалық кеңестің құрамын облыс, республикалық маңызы бар қала және астана жергілікті өкілдік органы қалыптастырады. Кемінде 7 адамнан тұратын тақ сандағы мүшелерден тұрады.

Кеңес құрамына жергілікті атқарушы органның өкілдері, архитекторлар, ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандары, жобалық, қоғамдық және басқа да ұйымдардың өкілдері, соның ішінде мүгедектер мүддесін білдіретін тұлғалар кіреді.

Кеңесті облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімі басқарады.

Төраға жоқ болған жағдайда Кеңес отырысын төраға орынбасарларының бірі жүргізе алады.

Кеңес жұмысына бекітілген құрамнан басқа кәсіби және қоғамдық бірлестіктер, аккредиттелген қауымдастықтар мен одақтардың өкілдері дауыс беру құқығымен қатыса алады.

Кеңес отырыстарының жиілігін төраға немесе төраға орынбасары белгілейді.

Бұл бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: