Қазақстан мегаполистерінде ауа температурасы күрт өзгереді

Непогода в аэропорту, снегопад, самолет, самолеты, неблагоприятные погодные условия, задержка рейса, задержка рейсов, нелетная погода, аэропорт зимой, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2026 16:19 Фото: pexels
Қазгидромет синоптиктері Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарына 2026 жылғы 25-27 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандардың айтуынша, қыс мезгілінің соңы құбылмалы ауа райымен ерекшеленеді.

Астана бойынша ауа райы болжамы

  • 25 ақпан: бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел. Ауа температурасы түнде –28…–30°С, күндіз –13…–15°С.
  • 26 ақпан: бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде –22…–24°С, күндіз –16…–18°С.
  • 27 ақпан: бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде –29…–31°С, күндіз –18…–20°С.

Алматы бойынша ауа райы болжамы

  • 25 ақпан: бұлтты, кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ. Ауа температурасы түнде –4…–6°С, күндіз +2…+4°С.
  • 26 ақпан: бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (негізінен қар). Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Жел 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде –3…–5°С, күндіз +2…+4°С.
  • 27 ақпан: бұлтты, қар, кей уақытта қалың қар жауады. Кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ. Ауа температурасы түнде –5…–7°С, күндіз –3…–5°С.

Шымкент бойынша ауа райы болжамы

  • 25 ақпан: бұлтты, түнде және күннің соңында жаңбыр. Кей уақыттарда тұман. Күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +4…+6°С, күндіз +17…+19°С.
  • 26 ақпан: бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр, тұман. Жел екпіні 20 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде +3…+5°С, күндіз +5…+7°С.
  • 27 ақпан: бұлтты, түнде жауын-шашын (негізінен жаңбыр), күндіз жаңбыр. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде 0…+2°С, күндіз +7…+9°С.

Сондай-ақ синоптиктер бұған дейін ел бойынша жалпы болжамды жариялаған болатын. Олардың мәліметінше, Қазақстанның шығысында ауа температурасы –40°С-қа дейін төмендейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: