Астанада жасырын ет өндірісі әшкереленді

Мясной цех, мясо, разделка мяса, цены на мясо, мясная продукция, стоимость мяса, мясной отдел, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2026 14:57 Фото: Zakon.kz
Елордада наурыздың 3 мен 5 аралығында мал мен ет өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге бағытталған "Мал ұрлығы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері жасырын жұмыс істеп келген заңсыз ет цехының қызметін әшкерелеп, тоқтатты.

Заңсыз өндіріс орны Аймауытов көшесі ауданындағы жеке секторда орналасқан. Цех мұқият жасырылып, санитариялық талаптар өрескел бұзылған жағдайда жұмыс істеген.

Тексеру барысында аталған орында тиісті рұқсат құжаттарынсыз және міндетті ветеринариялық-санитариялық бақылаудан өтпей, ет өнімдерін өңдеу, сақтау және сату жүзеге асырылғаны анықталды. Соған қарамастан, дайын өнім елорда нарықтарында саудаға шығарылып отырған.

Қарау кезінде 4 жылқының тұтас және 13 ірі қара малдың тұтас еті, сонымен қатар ет қалдықтары және етті бөлшектеу мен өңдеуге арналған құрал-жабдықтар тәркіленді.

Заңсыз цехты ұйымдастырды деген күдікпен 64 және 55 жастағы екі ер адам ұсталды. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Оның нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады.

Полиция белгіленбеген орындардан және күмәнді сатушылардан ет өнімдерін сатып алу өмір мен денсаулыққа нақты қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертеді. Тұрғындарды қырағылық танытып, заңсыз сауда деректері туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырамыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: