Қазақстанда қай өнімдер өндірісі артты

Фрукты, овощи, овощной, супермаркет, продукты питания, минимаркет, продуктовый, социально значимые продукты, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2026 11:46 Фото: freepik
2026 жылғы 5 наурызда ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков ОҚК-да өткен брифингте кейбір азық-түлік өнімдерінің өндіріс көлемінің өскенін хабарлады, деп жазады Zakon.kz тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, ауыл шаруашылығы шикізатының өндірісі артқан сайын, өңдеу өнеркәсібі де дамып келеді.

"2025 жылғы нәтижелер бойынша, азық-түлік өнімдерінің өндірісі 3,9 трлн теңге құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 8,1% жоғары (сол жылы көрсеткіш 3,3 трлн теңге болған). Өндіріс көлемінің өсуі өнімнің көп түрінде байқалады", – деді Тасжүреков.

Атап айтқанда, өндіріс көлемі айтарлықтай артқан:

  • Ет консервілері – 43%
  • Дәнді дақыл өнімдері – 28,7%
  • Өңделген және консервіленген жеміс-жидек пен көкөніс – 27%
  • Сары май – 24,8%
  • Өсімдік майы – 17,4%
  • Макарон өнімдері – 12,5%

Сонымен қатар:

  • Ұн өндірісі 3,6 млн тоннаға дейін өсті
  • Ірімшік пен құрт өнімдері – 13%
  • Сүт қышқылды өнімдері – 8%-дан астам

Бұған дейін біз хабарлағандай, жақында қазақстандық өндірістің жаңа тауарлары да нарыққа шығатыны күтілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: