Синоптиктер ескертті: наурыздың алғашқы күндерінде ауа райы кенет өзгеруі мүмкін
Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК Астанада, Алматыда және Шымкентте үш күнге ауа райы болжамын ұсынды. Соған сәйкес, 2026 жылғы 6, 7 және 8 наурызда үш мегаполисте жауын-шашын, түнде -8°С дейін аяз және күндіз +16°С дейін кенет жылыну күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астанаға ауа райы болжамы
- 6 наурыз: алмасқан бұлттылық, түнде қар, күндіз аздаған қар. Қарлы боран, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, 9-14 м/с. Температура түнде -6…-8°С, күндіз -1…-3°С.
- 7 наурыз: алмасқан бұлттылық, түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кейде төменгі қатты боран, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Температура түнде -5…-7°С, күндіз -1…+1°С.
- 8 наурыз: алмасқан бұлттылық, кейде жауын-шашын (жаңбыр, қар), төменгі қатты боран, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Температура түнде -1…-3°С, күндіз -1…+1°С.
Алматыға ауа райы болжамы
- 6 наурыз: алмасқан бұлттылық, кейде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кейде тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с, екпіні 15 м/с. Температура түнде -1…+1°С, күндіз +3…+5°С.
- 7 наурыз: алмасқан бұлттылық, түнде жауын-шашын (негізінен жаңбыр), күндіз жаңбыр. Кейде тұман. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Температура түнде 0…2°С, күндіз +7…+9°С.
- 8 наурыз: алмасқан бұлттылық, жауын-шашын жоқ. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Температура түнде 0…+2°С, күндіз +10…+12°С.
Шымкентке ауа райы болжамы
- 6 наурыз: алмасқан бұлттылық, түнде жауын-шашын (негізінен жаңбыр). Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Температура түнде +1…+3°С, күндіз +9…+11°С.
- 7 наурыз: алмасқан бұлттылық, түнде жауын-шашын (негізінен жаңбыр), күндіз жаңбыр. Жел оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Температура түнде +2…+4°С, күндіз +12…+14°С.
- 8 наурыз: алмасқан бұлттылық, кейде жаңбыр. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Температура түнде +6…+8°С, күндіз +14…+16°С.
Еске салсақ, "Қазгидромет" РМК бұрын хабарлағандай, қыс әлі де көктемге жол бермейді. Синоптиктердің мәліметінше, 2026 жылғы 5-7 наурызда Қазақстанда қар жауып, боран соғады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript